Өскемен жылу орталығындағы ақау: Қазандықтың бірі 20 желтоқсанға дейін жөнделеді

None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласындағы жылу электр орталығындағы қазандықтардың бірі 20 желтоқсанға дейін жөнделеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өскемендегі жылу электр орталығы қазір штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

Онда 7 қазандық пен 6 турбоагрегат бар. 2 қазандық агрегаты кестеге сәйкес жөндеуден өтіп жатыр.

Атап айтқанда, № 10 және 14 қазандықтар. Кеше осы қазандықтардың бірі іске қосылғаны хабарланған.

«Орта қысымды №10 қазандық 20 желтоқсанға дейін жөнделіп бітеді. Қазандықтар аяқ асты жөнделіп жатыр деп айтуға еш негіз жоқ. Жыл сайын бір-екі қондырғы жылыту маусымында жоспарлы жөндеуден өткізіледі. Жалпы біз орталық үздіксіз жұмыс істеп, ешқандай апат болмауы үшін тиісті шаралардың барлығын қабылдадық», - дейді «Өскемен ЖЭО» ЖШС жөндеу жұмыстары бойынша директоры Тоқтар Ақтайлақов.

Еске салсақ, 27 қарашада Өскемендегі жылу электр орталығынан ақау шыққан болатын.


Соңғы жаңалықтар