+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Өскемен жолдарына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу басталды

2020 жылғы 4 сәуір 15:53
Бөлісіңіз:
Өскемен жолдарына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу басталды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат — Өскеменде жолдарды орташа жөндеу жұмысы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық әкімдікке сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Биыл Алматы облысында 3 мыңға жуық адамды баспанамен қамту жоспарланған Елбасы Түркістандағы халықаралық әуежайдың ашылу рәсіміне қатысты Қызылордада әлеуметтік нысандар пайдалануға берілді

Жөндеу жұмысы төрт жол бөлігінде – Бажова, Қабанбай батыр көшелері мен Ушанов даңғылы және ҮМЗ солтүстік шекарасы маңындағы айналма жол бөлігінде жүргізіледі. Жақын арада Виноградова, Ярославская және Шоссейная көшелерінде жұмыс басталады.

«Бірінші кезең – бордюрлерді бөлшектеу мен асфальт қабатын фрезерлеу. Орташа жөндеу жұмысы кезінде барлық бөліктің асфальті ауыстырылып, тротуар жасалады.

2020 жылы орташа жөндеу жұмысы жүргізілетін жердің жалпы көлемі 12 км-ден асады. Оның ішіндегі ең үлкені Бажова көшесі (Назарбаев даңғылынан Абай даңғылына дейін 5,5 км-ден асатын аумақ)», - деп түсіндірді қалалық әкімдік өкілдері.

Айта кетсек, шарт бойынша жұмыстар 31 шілдеге дейін аяқталуы тиіс. Дегенмен мердігер-мекеме жөндеу жұмысын ерте бітіруді жоспарлап отыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Балнұр Қожагелді

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT