Өскемен жағажайларында рейд өтеді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскеменде төтенше жағдай қызметінің өкілдері жағажайда демалушылармен тсүсіндіру жұмысын жандандырды. Тіпті оған көкшетаулық курсанттар да атсалысуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көкшетау техникалық институтының крусанттары аптаның демалыс күндерінде құтқарушылармен бірге  өскемендік демалушылардың суға шомылу ережелерін қаншалықты сақтайтынын анықтамақ. Бұл рейдтер жаз бойы жалғасады деп жоспарлануда.

«Рейд барысында олар қарапайым тұрғындарға суға батқан адамға алғашқы медициналық көмек көрсету, шомылу қауіпсіздігінің ережелері сияқты құнды ақпараттар береді. Бұған дейінгі рейдттер тұрғындардың арнайы жабдықталған жағажайлардан гөрі иесіз орындарда шомылуға құлықты екенін көрсетіп отыр. Одан кейін судың жағасында саялауды елдің көбі спирттік ішімдік ішу деп біледі. Түсіндіру жұмыстарының басты мақсаты - осы тенденцияларды өзгерту» - дейді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Анастасия Скляр. Оның айтуынша, Өскемен бойынша тек екі жағажай ғана барлық қауіпсіздік талаптарына сай жабдықталған.

null

Соңғы жаңалықтар