Өскемен түрмелерінде ағаштан бұйым жасайтын өндіріс орындары ашылды

Фото: None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласындағы түрмелерде ағаштан бұйым жасайтын өндіріс орындары ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі

ШҚО бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірдегі түзету мекемелерінде бірнеше жыл көлемінде Қазақстан нарығына бағытталған өнімдерді шығару жолға қойылып келеді. Осының нәтижесінде, сотталғандарды жұмыспен қамтамасыз ету көрсеткіші де жақсаруда.

Мәселен, Өскемен қаласындағы ОВ 156/2 колониясында 10-нан астам жеке кәсіпкер өз істерін ілгерілетіп отыр. Кәсіп иелері негізінен ағаштан бұйым жасаумен айналысып, сотталғандарға ай сайын жалақы төлеп келеді.

«Күнделікті ағаш өңдеумен айналысу және әртүрлі үй шаруашылығының бұйымдарын жасау кезінде, көпшілігі уақытылы жоюды қажет ететін қалдықтарды қайда тастарын білмей дал болады. Кәсіпкер Әсет Манапов ағаш қалдықтарын нақты пайда көзіне айналдырудың тәсілін ойлап тапқан. Ол арболиттік блоктар мен нығыздалған брикеттер өндірісін қолға алды. Арболиттік блоктар – бұл негізі ағаш, цемент қалдықтары мен судың қоспасынан дайындалған өнім түрі. Барлық ағаш қалдықтары мен қоқымдарды аумақтан тысқары шығарып немесе жоймай-ақ, жай ғана сумен илеп араластырып, қажетті қалыптарға құйып, кептіру үшін жағдай жасау қажет. Бұндай бұйым қазіргі уақытта құрлыста кеңінен қолданылады. Өйткені ол экологиялық таза өнім», - делінген ақпаратта.

Бизнес өкілі алдағы уақытта өзінің кәсібін кеңейтуді жоспарлап және тек арболит блоктарын өндірумен шектеліп қалмай, сонымен қатар отын ретінде қолдануға болатын брикеттерді де өндіруді жоспарлауда. Кейіннен оларды қала аумағында қолжетімді бағамен сатумен айналыспақ. Бұл өндіріс үшінші айдан астам уақыт бойы өз жұмысын тоқтаусыз жалғастыруда.


Соңғы жаңалықтар