+7 (701) 759 90 19
USD 427.15 EUR 519.12
RUB 5.96 CNY 66.84
Jańalyqtar

Өскемен тұрғынынан қаламға ұқсас атыс қаруы тәркіленді

2021 жылғы 12 маусым 01:01
Бөлісіңіз:
Өскемен тұрғынынан қаламға ұқсас атыс қаруы тәркіленді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласының тұрғынынан қалам тектес атыс қаруы тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Түркістан облысында ер адам көшеде қару ұстап жүрген Ақтөбеде диспансерлік есепте тұрған адамдардың қару ұстайтыны белгілі болды СҚО-да ауыл тұрғыны үйінде жарылғыш заттар жасап келген

ШҚО қылмыстық-атқару жүйесі департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, ерекше режимдегі колония қызметкерлері тәртіп сақшыларымен бірлесіп «Қару» жедел алдын алу шарасын жүргізуде.

Шара барысында олар Өскемен қаласының 44 жастағы тұрғынынан қалам тектес қолдан жасалған атыс қаруын тәркіледі.

«Департамент мамандары мен полиция қызметкерлерінің үйлесімді әрекетінің нәтижесінде азаматтан әдейі қаламға ұқсас қылып жасалған, шағын калибрлі патронмен атуға жарамды қару тәркіленді. Аталған факті бойынша балистикалық сараптама тағайындалды», - деді ШҚО ҚАЖ департаментінің бастығы Жанболат Қалетаев.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін ШҚО-да 92 жастағы кейуанаға қарақшылық шабуыл жасаған күдіктінің ұсталғанын хабарлаған болатынбыз.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT