Өскемен тұрғынынан 2 млн теңгенің есірткісі тәркіленді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласының тұрғынынан 2 млн теңгенің есірткісі тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 21 жастағы әйел адамды ұстады. Ол жеңіл жолмен пайда табу мақсатында психотроптық заттарды сатумен айналысқан. Ақшаны қолма-қол алмай, есірткіні алдын ала келісілген жерге тастап кетіп отырды.
«Күдіктінің пәтерінен жалпы салмағы 200 граммды құрайтын психотроптық заттың бір реттік 650 дозасы тәркіленді. Оның қара нарықтағы құны 2 млн теңгеден асады», - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігінің 3,5 тармақтарымен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Айта кетейік, осындай қылмыс жасаған адам 10-нан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
- Аршалы маңында 600 көліктен тұратын 4 шақырымдық кептеліс пайда болған
- Полицейлер Маңғыстау облыстық ауруханасындағы өртті сөндіріп, іштегілерді эвакуациялады
- Шағын несие беру ұйымына шабуылдаған ер адам Атырауда ұсталды
- Қарағандыдағы пәтерлердің бірінен 36 жастағы ер адамның мәйіті табылды
-
Өскеменде отқа оранған үйден мүгедек әйел құтқарылды
-
ШҚО-да нәзік жандылар Қарулы Күштер қатарында жемісті еңбек етіп жүр
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам