+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Өскемен тұрғыны университетке грантқа түсіремін деген алаяққа алданды

2021 жылғы 13 қазан 04:25
Бөлісіңіз:
Өскемен тұрғыны университетке грантқа түсіремін деген алаяққа алданды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласының тұрғыны университетке грантқа түсіремін деген алаяққа 750 мың теңге берген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО тұрғынының үйінен қару-жарақ арсеналы табылды Өскемен қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды ШҚО-да балалар қандай ауруларға жиі шалдығады

Қалалық Полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Үлбі полиция бөліміне 42 жастағы азамат жүгінген. Өз сөзінде ол 26 жастағы танысының ұлын қаладағы университеттердің біріне грантқа түсіруге көмектесетіндігіне сендіргенін жеткізді.

Алайда қолына 750 мың теңге алған соң ер адам хабар-ошарсыз кеткен. Алданып қалғанын түсінген шаһар тұрғыны тәртіп сақшыларынан шара қолдануды сұрады.

«Жедел-іздестіру шараларын жүргізген полиция қызметкерлері күдіктіні көп ұзамай ұстады. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігіне (Алаяқтық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», - дейді басқарма бастығы Андрей Мула.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT