Өскемен тұрғыны танысының атына онлайн несие рәсімдеген

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында танысының атына интернет арқылы несие алған ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 33 жастағы азаматтың телефонына 215 мың теңге мөлшерінде несие алғаны туралы хабарлама келген. Ер адам бірден полицияға хабарласып, мән-жайды баян етеді. Жедел әрекет еткен тәртіп сақшылары күдіктіні қолға түсірген. Жәбірленушінің танысы өз кінәсін мойындап отыр.

«Бұдан бөлек, алаяқтыққа қатысты тағы бір қылмыс тіркелді. Өскемендік зейнеткер көшеде бейтаныс жігітті тоқтатып, банкоматтан ақша шешуге көмектесуін сұраған. Сол кезде оңай олжаға кенелмек болған 35 жастағы қала тұрғыны қарт кісіні алдап, 20 мың теңгесін қалтаға басқан. Қазіргі уақытта полицейлер аталған фактілер бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы, 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде», - деп хабарлады ведомство өкілдері.


Соңғы жаңалықтар