USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Өскемен тұрғыны құны 22 млн теңгелік көлікті өртеп жіберген

2020 жылғы 11 наурыз 15:39
Бөлісіңіз:
Өскемен тұрғыны құны 22 млн теңгелік көлікті өртеп жіберген

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласындағы Стрелка шағынауданында белгісіз біреу құны 22 млн теңгелік «Лексус-570» көлігін өртеп кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Өскеменде әкімдік ғимаратының әйнегін шағып, шу шығарған адам ұсталды Алматыда жарылған жылу құбыры қашан қалпына келтіріледі Саусағынан сақинасын шығара алмаған оқушы құтқарушыларға жүгінді

Полиция қызметкерлері аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 202-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.

«Жедел-іздестіру шаралары барысында тәртіп сақшылары сол маңайдағы бейнебақылау камераларының жазбаларымен танысып шықты. Нәтижесінде түнгі сағат 02.00 шамасында ер адам көлікке жақындап, алдыңғы сол дөңгелегіне белгісіз сұйықтық төгіп, өртеп жіберген соң, бірден ізін суытқаны анықталды», - деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта полицейлер күдіктіні қолға түсірген. 27 жастағы жұмыссыз қала тұрғыны уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қылмыстың себептері анықталуда.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT