Өскемен тұрғыны банкте кепілде тұрған үйін аламын деп, алаяққа 2 млн теңгесін ұстатты
2022 жылғы 2 шілде 20:03

Өскемен тұрғыны банкте кепілде тұрған үйін аламын деп, алаяққа 2 млн теңгесін ұстатты

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласының тұрғыны банкке кепілге салынған үйін аламын деп, алаяққа 2 млн теңге берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «102» жедел арнасына 27 жастағы қала тұрғыны жүгініп, алаяқтың құрбаны болғанын жеткізді.

«Оның айтуынша, танысы банкке кепілге салынған үйін алып бере алатындығына сендірген. Жәбірленуші мүлікті одан әрі сату мақсатында оған 2 000 000 теңге береді. Алайда, ақша қолына тиісімен әйел адам хабар-ошарсыз кеткен. Жедел-іздестіру шараларын жүргізген тәртіп сақшылары күдіктіні ұстады. Жауап алу кезінде 32 жастағы жергілікті тұрғын өз кінәсін мойындады», - делінген ақпаратта.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігіне (алаяқтық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT