Өскемен тұрғыны алаяққа алданып 6 млн теңгесінен айырылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскемен тұрғынын несие алуға көмектесемін деп алдап соққан алаяқ ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қалалық ПБ Үлбі полиция бөлімінің «102» жедел арнасына 48 жастағы әйел адам хабарласқан. Ол 2020 жылдың желтоқсанынан 2021 жылдың ақпаны аралығында бейтаныс әйелдің ақшалай несие алуға көмектесемін деп сендіріп, 6 100 000 теңгесін иемденгенін айтты.

«Жедел-іздестіру шараларын жүргізген криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні қолға түсірді. Ол Глубокое ауданының 42 жастағы тұрғыны болып шықты», - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалы жүргізіліп жатыр.


Соңғы жаңалықтар