Өскемен тұрғыны 13 атыраулықтың ақшасын алдап алған
2021 жылғы 15 ақпан 03:33

Өскемен тұрғыны 13 атыраулықтың ақшасын алдап алған

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Өскемен қаласының тұрғыны 13 атыраулықтың ақшасын алдап алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, «Anti-fraud» жедел алдын алу іс-шарасы кезінде Шығыс Қазақстан облысының 26 жастағы тұрғыны ұсталған.

«Ол Атырау қаласының тұрғындарын азық-түлік жеткіземін деген сылтауымен «Яндекс такси» қосымшасы арқылы алдап, алаяқтық жолымен ақшасын иемденген. Қазір күдіктінің интернет-алаяқтықтың 13 эпизодына қатысы бар екені дәлелденді. Оған қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабы, 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда қала тұрғынының 2 млн теңгесін алдап алған алаяқ ұсталған еді.

Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT