Өскемен тұрғыны 10 жыл бойы екі елден зейнетақы алып келген

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында тұратын ресейлік азамат 10 жыл бойы Қазақстаннан зейнетақы алып келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО gолиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықпен деректерді салыстыру барысында екі елден зейнетақы алып келе жатқан өскемендік анықталды.

2004 жылы ол Ресей Федерациясының Алтай аймағында шет мемлекеттің азаматтығын алып, төлқұжатын рәсімдеген.

Алайда бұл туралы Қазақстан Республикасының тиісті органдарына хабарламаған.

71 жастағы әйел зейнет жасына жеткеннен кейін 10 жыл бойы Ресейден де, Қазақстаннан да ақша алып келген.

«Қазақстандық құжаттарды пайдаланғаны үшін оған ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабы бойынша 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Енді барлық заңсыз алынған қаражат мемлекет пайдасына қайтарылады. Құжаттары тәркіленген әйел Қазақстан азаматтығынан айырылды», - дейді облыстық ПД бастығының бірінші орынбасары Елдос Закимов.



Соңғы жаңалықтар