Өскемен тұрғындарынан 30-дан астам рұқсаттама тәркіленді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері карантин кезіндегі тәртіпті сақтау мақсатында рейд жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Өскемен қаласының 36 тұрғыны шектеу шараларын бұзып, жеке көліктерімен Алтай ауданындағы Бұқтырма ауылына жолға шығып кеткен.

«Тәртіп сақшылары заңбұзушылыққа жол бергендерден рұқсат қағаздарын тәркілеп алды. Оларға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Қала тұрғындарына карантин кезіндегі шектеу шараларын қатаң сақтау қажеттігін ескертеміз», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Айта кетейік, карантин уақытында қала сыртына шығуға тыйым салынған. Демалыс және мереке күндері жеке көлікпен жүруге болмайды.


Соңғы жаңалықтар