Өскемен тұрғындарын көшеде атылған қару-жарақ дауысы шошытты
2022 жылғы 22 қыркүйек 16:14

Өскемен тұрғындарын көшеде атылған қару-жарақ дауысы шошытты

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласының тұрғындарын Абай даңғылында атылған қару-жарақ дауысы шошытты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін таңертең Өскемендегі Абай даңғылында атылған қару-жарақ дауысы тұрғындарды шошытқан. Тек қарудың емес, жарылған бомбаның да дауысы шықты.

Белгілі болғандай, сол уақытта аталған даңғылда орналасқан әскери бөлімде оқу-жаттығу өткізілген.

«Бүгін сағат 11.00-де Өскемен қаласында ҚР ҰҰ «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5518 және 3477 әскери бөлімдерінің әскери қалашығына жасалған шабуылға тойтарыс беру бойынша ШҚО полиция департаменті, ТЖД және қалалық жедел көмек көрсету ауруханасымен бірескен тактикалық оқу-жаттығу өтті. Соның барысында бос оқталған қарулар мен имитациялық жарылғыш заттар қолданылды», - деп түсіндірді Ұлттық ұлан «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің бастығы Бағдат Амангелді.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT