Өскемен тұрғындары соғыста қаза тапқан батырларды еске алып, 7 мың шырақ жақты

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласының тұрғындары Екінші дүниежүзілік соғысқа қаза тапқан батырларды еске алып, 7 мыңнан астам шырақ жақты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Даңқ мемориалының алдында «Өз шырағыңды жақ» акциясы өтті. Бұл акция жыл сайынғы дәстүрге айналған.

Алғашқы шамды облыс әкімі Даниал Ахметов пен шаһар басшысы Жақсылық Омар жақты.

«Бұл мереке – фашизммен аямай күрескендерге құрмет пен алғыс қана емес, сонымен қатар бірліктің символы. Ардагерлер мен тыл еңбеккерлері біз үшін батырлық пен рух күшінің, өшпес ерік-жігер мен нағыз патриотизмнің үлгісі. Осы күні оларға денсаулық пен ұзақ ғұмыр тілеймін! Барлық шығысқазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтаймын», - дейді аймақ басшысы.

Акция барысында барлығы 7199 шырақ жағылған. Мәңгілік алаудың алдындағы шамдардың суретінде бес бұрышты жұлдыз бейнеленген.

Оның ортасына Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 77 жылдығын білдіретін 77 саны жазылған.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін ШҚО әкімінің Семейдегі ардагерлермен кездескенін хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар