Өскемен тұрғындары қаланы абаттандыру бойынша әкімдікке ұсыныс жасай алады

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен тұрғындары қала аумағын абаттандыруға қатысты өз ұсыныстарын жасай алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, Халық қатысатын бюджет жобасы аясында өтінім қабылдау басталды.

«Бұл жоба азаматтарға шаһарды дамытуға қатысты өз ұсыныстарын жасауға мүмкіндік береді. Өтінімді кез-келген тұрғын қалдыра алады. Олар қала аумағын абаттандыруға қатысты болуы мүмкін. Мысалы, сквер, балаларға арналған алаңдар, демалыс аймағын, жаяу жүргіншілер инфрақұрылымын жасау, көше жарығын орнату. Жобалар жинақталған соң онлайн түрде дауыс беру жүргізіледі. Соның барысында 2023 жылға арналған басым жұмыстардың тізімін бірге анықтаймыз», - деді Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар.

Айта кетейік, өтінімдер әкімдік сайтында 10 наурызға дейін қабылданады. Дауыс беру 27 наурызда өтеді деп жоспарлануда.


Соңғы жаңалықтар