Өскемен трамвай паркінің мүлкі сатылымға шығарылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Қарызы бастан асып, жұмысы тоқтатылған Өскемен трамвай паркінің мүлкі сатылымға қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сатылымға қойылған мүліктің ішінде жылжымалы құрам мен рельстер, қосалқы стансалар мен парк ғимараты, жер телімі бар. Барлық мүліктің жиынтық бағасы 853 млн теңгеге бағалануда.

Сот орындаушылардың айтуынша, бұл туралы ақпарат www.eauc.kz. сайтындағы бірыңғай электронды сауда алаңында жарияланған. Аукцион 20 наурызға жоспарланып отыр.

«Өскемен трамвай паркі» ЖШС-не тиесілі мүліктердің сатылымға қойылғаны рас. Аукцион өтіп, нәтижесі белгілі болғанға дейін мүлік иесі өзім болып қала беремін, - дейді серіктестік директоры Анатолий Успенский.

Айта кетейік, бұған дейін Семей қаласының әуежай мүліктері аукционда сатылып, кейін оның нәтижелері заңсыз деп танылған болатын. 

Фото: yk-news.kz

Соңғы жаңалықтар