«Өскемен-Семей» тасжолында көлік қозғалысына тыйым салынды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында бірқатар жол жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 24 желтоқсанда күн райының нашарлауына, нақты айтқанда қатты боран соғып, жолдың нашар көрінуіне байланысты сағат 10.00-ден бастап республикалық маңызы бар «Өскемен-Семей» тасжолында көліктің барлық түрі үшін қозғалыс жабылды.

Сондай-ақ «Семей-РФ шекарасы» тасжолында (Семей қаласы мен Қалбатау ауылының аралығы) автобустар мен жүк көліктерінің қатынауына шектеу қойылды.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін «Семей-Курчатов» тасжолының 4-130 шақырымы және «Семей-Қарауыл» тасжолының 4-182 шақырымы көліктің барлық түрлері үшін жабылғаны хабарланған болатын.



Соңғы жаңалықтар