Өскемен саябағының 300 шаршы метр аумағы жанып кетті

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласындағы саябақта терек мамығы өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бүгін Сол жағалау саябағының аумағында шөп тұтанған. Оқиға орнына өрт сөндірушілер шұғыл жетті.

«Тілсіз жауды ауыздықтауға жеке құрамнан 22 адам мен 4 техника жұмылдырылды. Өрттің жалпы ауданы саябақ аумағында 300 шаршы метрге және одан тыс 2,2 гектарға жеткен. Оттың шығу себебі – терек мамығының жануы», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Осы ретте, департамент мамандары өңір жұртшылығына өрттің шығуына жол бермеу мақсатында қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді. Өрт болған жағдайда дереу «101» нөміріне қоңырау шалу қажет.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Шығыс Қазақстанда жыл басынан бері орманнан 41 мәрте өрт шыққанын хабарлаған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар