«Өскемен-Самар» тасжолында жүк көлігі аударылып, зейнеткер көз жұмды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы «Өскемен-Самар» тасжолында ауыр жүк көлігі аударылып, 72 жастағы жолаушы мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 23 тамызда сағат 14.50 шамасында болған. Ұлан ауданының маңындағы «Өскемен-Самар» тасжолының 69 шақырымында өрден түсіп келе жатқан «HOWО» маркалы жүк көлігі кенет тежегіші істен шығып, аударылып түсті.

Жол апаты салдарынан 72 жастағы зейнеткер оқиға орнында көз жұмды. Ал 32 жастағы тағы бір жолаушы дене жарақатын алған. Қазіргі уақытта ол ауруханаға жеткізілді», - делінген ақпаратта.

Тәртіп сақшылары аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігіне (абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдарын басталды.


Соңғы жаңалықтар