Өскемен-Самар тас жолындағы апаттан бір адам қаза тапты

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскемен-Самар тас жолында ВАЗ-2104 автокөлігінің жүргізушісі қарама-қарсы бетке шығып, «Лексус» маркалы автокөлікпен соқтығысқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Соқтығыс салдарынан ВАЗ-2104 көлігінің 32 жастағы жолаушысы оқиға орнында жан тапсырды. Дәл осы көліктің жүргізушісі рөлді басқара алмағандықтан жарақат алған», - деді облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Жол-көлік оқиғасына байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар