Өскемен прокуратурасы екі жылда 200-ден астам кәсіпкердің құқығын қорғады

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласының прокуратурасы соңғы екі жылда 200-ден астам кәсіпкердің құқығын қорғады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала прокуратурасы ұйымдастырған дөңгелек үстелге жергілікті кәсіпкерлер қатысты. Соның барысында бизнес өкілдерін қолдау және кәсіпкерлік нысандарында анықталатын бұзушылықтардың алдын алу жайлы сөз қозғалды.

«Соңғы екі жылда прокуратура 200-ден астам кәсіпкердің құқығын қорғады. «Прокуратура туралы» Заңға енгізілген өзгерістерге байланысты прокурорлардың кәсіпкер құқықтарын қорғаудағы өкілеттіктері кеңейтілген. Енді прокурорлар кәсіпкерлердің мемлекеттік органдардың араласу фактілері бойынша өтініштерін қарауға, олар бойынша тексерулер жүргізуге, қажетті ақпаратты сұратуға, заңсыз салынған шектеу және тыйым салу шараларының дереу күшін жоюға құқылы», - деді Өскемен қаласы прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау бөлімі бастығының міндетін атқарушы Нартай Мұратов.

Оның айтуынша, ШҚО Кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып прокуратура жанынан кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі мобильді топ құрылған. Сол топқа 31 кәсіпкер мониторингілік топтар мен мемлекеттік органдардың әрекетіне қатысты шағым түсірді.


Соңғы жаңалықтар