Өскемен полицейлері аса ірі көлемдегі синтетикалық есірткіні тәркіледі

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – ШҚО Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі басқарма қызметкерлері жедел алдын алу шараларын өткізу барысында аса ірі көлемдегі есірткі, психотроптық заттарды сақтау дерегін анықтады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Санкцияланған жеке тінту өткізу барысында Өскеменнің 28 жастағы азаматынан салмағы 6,78 грамм 9 полимерлік пакеттер тәркіленді. Іштерінде қара түсті термоқаптамаға оралған ұнтақ тәріздес зат және әртүрлі түсті түйіршіктер болған.

Сондай-ақ, күдікті тұрып жатқан пәтерді тінту барысында қара түсті изолентаға оралған тұқыртпалар және ұялы телефонның қорабы табылған. Оның ішінен жалпы салмағы 411 грамды құрайтын, қара түсті термоқаптамаға оралған әртүрлі түсті ұнтақ және түйіршік тәрізді заттар табылып, тәркіленді.

Жүргзілген сараптамаға сәйкес, тәркіленген зат «Жылдамдық» атауымен танымал «а-пирролидиновалерофенон» атты психотроптық зат болып шықты.

Аталмыш дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 296 бабы 4 бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар