Өскемен мен Семейдегі ХКО-ларда биометриялық жүйе іске қосылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен мен Семей қалаларындағы мамандандырылған ХҚО-ларда жүргізуші куәлігін алу үшін теориялық емтихан тапсыру кезінде биометриялық жүйе іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ШҚО бойынша филиалы баспасөз қызметінің мәліметінше, Өскеменде мен Семейдегі мамандандырылған ХҚО-ларда жаңа жүйе енгізілді.

«Енді жүргізуші куәлігін алу үшін теориялық емтихан тапсыруға келген азаматтар биометриялық жүйені пайдаланатын болады. Яғни, осы арқылы адамның бет-әлпеті танылады. Бұл қандай да бір алаяқтық әрекеттердің алдын алуға және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге мүмкіндік береді», - деп түсіндірді филиал директорының орынбасары Руслан Кибке.

Биометрия - бұл адамның бетін құжаттағы фотосуретімен салыстыратын жүйе. Теориялық емтихан басталғанға дейін үміткер жеке басын сәйкестендіруден өтеді, онда оның фотосуреті жеке куәліктегі фотосуретімен салыстырылады.

«Емтихан тапсыру кезеңінде жүйе тағы бірнеше рет тексеру үшін автоматты сәйкестендіруді жүргізеді. Осылайша, емтихан тапсыру процесі бастан-аяқ бақылауға алынады», - делінген мәліметте.

Айта кетейік, жүргізуші куәлігін алу үшін үміткер екі емтихан тапсыруы керек: теориялық және практикалық. Теориялық 40 сұрақтан тұрады. Оны тапсыру үшін кем дегенде 32 жауап дұрыс болуы қажет.

Практикалық емтихан автодромда 12 тапсырмадан тұрады. Әркімнің емтиханды 3 ретке дейін тапсыру мүмкіндігі бар.

Айта кетейік, жыл басынан бері облыс бойынша 932 адам алғаш рет жүргізуші куәлігін алды.


Соңғы жаңалықтар