Өскемен мен Семейде жасы 70-тен асқан қарттардың үйіне азық-түлік жеткізіледі

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – ШҚО-да облысында 70 жастан асқан зейнеткерлер мен І, ІІ топтағы мүмкіндігі шектеулі жандарға азық-түлік пен дәрі-дәрмек үйге дейін жеткізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шығыс Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің 19 түрі, гигиена заттарының 10 түрі кіретін 4 топтама жасалған. Ол пакеттер 70 жастан асқан зейнеткерлер мен І, ІІ топтағы мүмкіндігі шектеулі жандарға аптасына бір рет тегін жеткізіледі.

Бұл туралы аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында облыс әкімінің орынбасары Шәкәрім Бұқтұғұтов мәлім етті.

«Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты Өскемен мен Семей қалаларында «Дүкен.кз» жүйесі жұмыс істейді. Тұрғындар осы арқылы азық-түлік өнімдеріне тапсырыс бере алады. Бүгінде аталмыш қалаларда бұл жобаны жүзеге асыру жұмысы жүргізілуде», - дейді ол.

Шәкәрім Бұқтұғұтов әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасы бақылауда екенін атап өтті.


Соңғы жаңалықтар