Өскемен мен Семейде жаңа әкімшілік соттар ашылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен мен Семей қалаларында жаңа әкімшілік соттар ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шығыс Қазақстан облыстық соты баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірдің негізгі екі қаласында жаңа мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттар ашылды. Олар бірінші кезекте жеке кәсіпкерлердің, заңды тұлғалардың, қарапайым азаматтардың түрлі мемлекеттік органдарға қатысты мәселелері мен дауларын шешетін болады. Өскемендегі соттың ашылу салтанатына аймақ басшысы Даниал Ахметов, облыстық сот төрағасының міндетін атқарушы Қайрат Чақпантаев қатысты.

«ҚР жаңа Әкімшілік рәсімдік-процессуалдық кодексі 1 шілде күні күшіне енді. Онда «әкімшілік органдардың кінәлі-кінәлі еместігін айқындау» қағидаты алғаш рет енгізіліп отыр. Бұл – азаматтардың құқықтарын қорғау сапасын жақсартуға және қоғамды демократияландыруға жасалған үлкен қадам. Дәл осындай оңды өзгеріс кезінде Шығыс Қазақстанның екі бірдей шаһарында жаңа әкімшілік соттар өз жұмысын бастады», - деді облыс әкімі

Оның айтуынша, алғаш рет енгізілген қағидатта кәсіпкерлер мен қарапайым азаматтар ғана емес, мемлекеттік органдар да өз аргументтерін сотта дәлелдеуі тиіс.

«Мұндай өзгеріс әлемдік үрдіске сай және көптеген мемлекеттер осы жүйеге көшкен. Бұл біздің мемлекеттік органдарды өз жұмысына жауапкершілікпен және мұқият қарауға ынталандырады», - деді Даниал Ахметов.


Соңғы жаңалықтар