Өскемен мен Семейде демалыс күндері қоғамдық көлік жүрмейді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскемен мен Семей қалаларында демалыс күндері қоғамдық көлік қатынамайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО әкімі Даниал Ахметовтің айтуынша, бұл - коронавирус инфекциясының тез таралып кетпеуін және облысты «қызыл» аймақтан шығару үшін амалсыздан жасалып отырған шара.

Коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың 41%-ы Семейде, 34%-ы Өскеменде тіркелген.

Риддер, Глубокое және Ұлан аудандарында вирус жұқтырғандардың саны өсіп барады.

Осыған байланысты санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын бақылауды күшейту үшін демалыс күндері қоғамдық көлік қозғалысын шектеу туралы шешім қабылданды.

- Барлық тамақтану орындарының жұмысы қатаң бақылауда болады. Бизнеске жасалған жеңілдіктер санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтамау дегенді білдірмейді. Сондықтан, кәсіпкерлер де өз нысандарын қадағалаулары керек», - деді Д.Ахметов.

Сондай-ақ ол вакцинация қарқыны бойынша облыс жақсы нәтиже көрсетіп отырғанын айтты.

Вакцинаның екі компонентін 325 мыңнан астам адам алған.


Соңғы жаңалықтар