Өскемен мен Семейде 50 адамнан асырмай ас беруге рұқсат етілді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында «сары» аймақта тұрған Өскемен, Семей қалалары мен Аягөз ауданында банкет залдарының толтырылуын 30 пайыздан, қонақтардың жалпы санын 50 адамнан асырмай ас беруге рұқсат етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін ШҚО Бас санитар дәрігерінің қаулысына өзгерістер енгізілді.

«Облыс бойынша «жасыл» аймақта тұрған қала-аудандардағы қоғамдық тамақтану орындарына толтырылуын 50% дейін, жалпы келушілерді 70 адамнан асырмай, сағат 7.00-ден 02.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат берілді. Ал жазғы алаңдар шектеусіз жұмыс істейді. Банкет залдарына толтырылуын 50%, қонақтар санын 70 адамнан асырмай еске алу шараларын өткізуге болады, - делінген құжатта.

Ал «сары» аймақта тұрған Өскемен, Семей қалалары мен Аягөз ауданында банкет залдарының толтырылуын 30 пайыздан, қонақтардың жалпы санын 50 адамнан асырмай ас беруге рұқсат етілді.

«Сондай-ақ аталған екі қала мен аудандағы қоғамдық тамақтану орындары толтырылуын 50%, жалпы келушілерді 50 адамнан асырмай, сағат 7.00-ден 24.00-ге дейін ашық болады. Ал жазғы алаңдар сағат 7.00-ден 02.00-ге дейін жұмыс істейді, - делінген қаулыда.

Айта кетейік, бұған дейін ШҚО Бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысымен өңірдің туристік нысандарына қонақтарды қабылдауға рұқсат етілген болатын.


Соңғы жаңалықтар