Өскемен мен Семейде 10 SOS дабыл түймесі орнатылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен мен Семей қалаларында 10 SOS дабыл түймесі орнатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде өңір бойынша SOS дабыл түймелері орнатылған. Жалпы Өскемен мен Семей шаһарларында осындай 10 батырма іске қосылды.

«SOS дабыл түймесі құқыққа қарсы әрекетті байқаған кезде немесе төтенше жағдайларда дабыл сигналын беруге және полицияны шұғыл шақыртуға арналған. Олар адам көп жүретін қоғамдық орындарда орнатылды. Батырманы басқан кезде ШҚО ПД жедел басқару орталығының операторымен автоматты түрде қосылу жүргізіледі. Осылайша, бейне және аудио арқылы онлайн-режимде өтініш берушімен байланысқа шығуға және оқиға туралы ақпаратты тіркеуге мүмкіндік жасалған», - делінген ақпаратта.

Дабыл түймесі Өскемен қаласында келесі мекенжайлар бойынша орналасқан:

- Қабанбай батыр көшесі («Заңғар», «Ануар», «Евразия» сауда үйлерінің маңы),

- Теміржолшылар көшесі («Өскемен-1» теміржол вокзалының маңы),

- Абай даңғылы («Заречный» базарының, «Темірлан», «Даниэль» сауда үйлерінің маңы),

- Виноградов-Грузинская көшелері («Ивушка» сауда үйінің, «Дос-Нар» базарының маңы),

- Назарбаев даңғылы (ШҚО Достық үйінің маңы).

Ал Семейде сондай-ақ мына мекенжайлар бойынша осындай 5 батырма жұмыс істейді:

- Засядко-Уәлиханов көшесі («Аркада», «Аляска», «Ақшын» сауда үйлерінің маңы),

- Ертістің ескі жағалауы (студенттер үйі, «Айкел» мейрамханасының маңы),

- Әуезов даңғылы («Океан», «Жаңа базар» сауда үйлерінің, «Әлем» кинотеатрының маңы),

- Пушкин көшесі (Абай алаңы, «Старая мельница», «Вдали от жен» дәмханаларының маңы),

- Мұхамедханов көшесі («ЦУМ», «Рахат», «Сулпак», «Технодом» сауда үйлерінің маңы).


Соңғы жаңалықтар