+7 (701) 759 90 19
USD 427.91 EUR 506.9
RUB 5.6 CNY 64.17
Jańalyqtar

Өскемен мен Семей тұрғындары үйден шығу үшін ПИК-тен рұқсат қағазын алады

2020 жылғы 31 наурыз 23:24
Бөлісіңіз:
Өскемен мен Семей тұрғындары үйден шығу үшін ПИК-тен рұқсат қағазын алады

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – 6 сәуірден бастап Өскемен мен Семей қаласының тұрғындары үйден шығу үшін рұқсат қағазын алуы тиіс, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Рұқсат қағазының 2 түрі бар. Бірінші түрі – қалалардың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйым қызметкерлері, жұмыс істейтін азаматтарға арналған. Екінші түрі – әрбір отбасына беріледі. Ол арқылы аптасына 3 рет сауда орындарына, дәріханаларға, банктер мен медицина мекемелеріне баруға болады. Рұқсат қағазының жасыл түсі – жұп күні, ақ түсі – айдың тек тақ күндерінде шығуға мүмкіндік береді.

«Рұқсат қағазы әр пәтерге біреуден беріледі. Алайда әр адам міндетті түрде өзімен бірге жеке куәлігін де алып жүруі керек. Рұқсат қағазының жарамдылық мерзімі – 1ай. Көпқабатты үйде тұратындар аталмыш қағазды алу үшін 1 сәуірден бастап ПИК-ке және кондоминиумға жүгінулері тиіс. Ал жер үй тұрғындары жергілікті басқару комитеттеріне баруы қажет», - деді Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифинг барысында.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін 2 сәуірден бастап Өскемен мен Семейде қосымша шектеулер енгізілетіндігі хабарланған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT