Өскемен мен Семей көшелеріне 20 мыңнан астам жарықдиодты шам орнатылады

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен мен Семей көшелеріне 20 мыңнан астам жарықдиодты шам орнатылмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Энергетика және Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының мәліметіне сүйенсек, «Өскемен және Семей қалалары көшелерінің жарықтандыру жүйесін жаңғырту» жобасы бойынша тайваньдық Everlight компаниясымен 4,8 млрд теңге сомасында келісімшарт жасалған.

«Соның аясында 20500 жарықдиодты шам сатып алынды. Оның ішінде 12 841-і Өскеменге, 7 659-ы Семейге жеткізілген. Қазіргі уақытта 19 575 шам (Өскеменде – 12 293, Семейде – 7 282) орнатылды. Бұл жалпы санның 96%-ын құрайды», - делінген ақпаратта.

Өскеменде 2 қаланың көшелерін жарықтандыру жүйесін басқаратын бірыңғай диспетчерлік орталық іске қосылды. Жалпы жоба бойынша барлық жұмыстар 2022 жылдың маусым айында аяқталады деп жоспарланған.


Соңғы жаңалықтар