Өскемен мен Семей қалаларында медицина қызметкерлері тапшы

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен мен Семей қалаларында медицина қызметкерлерінің тапшылығы сезілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО әкімі Даниал Ахметов өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселесі бойынша жиналыс өткізді.

«Облыс көптеген көрсеткіштер бойынша, атап айтқанда, құрылыс, инвестиция тарту, агросектордағы жобалар бойынша елде жетекші орында тұр. Алайда өкінішке қарай, Зайсан, Тарбағатай аудандарында және Алтай қаласында құрылыс қарқыны төмендеп кетті. Мұның себебін анықтау үшін комиссия құруды тапсырдым», - дейді аймақ басшысы.

Оның айтуынша, Курчатов қаласында әлі күнге дейін бассейн жұмыс істемейді. Бұл мәселені қала әкімі шешуі керек. Сондай-ақ жиын барысында әскерге шақырылушыларға арналған медициналық комиссиялардың жаңа форматын енгізу мүмкіндігі талқыланды.

«Әскерге шақырылушыларды медициналық тексерістен аудандық ауруханаларда өткізуге болады. Өйткені олар заманауи жабдықтармен жабдықталған және PACS жүйесіне қосылған», - деді Даниал Ахметов.

Өз сөзінде ол медицина қызметкерлерінің тапшылығы Өскемен мен Семей қалаларында сезіліп отырғандығын жеткізді. Оның айтуынша, дәрігерлерді тұрғын үймен қамтамасыз етуге ерекше назар аудару қажет.


Соңғы жаңалықтар