+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

Өскемен мен Семей қалаларында қосымша шектеулер енгізілетін болды

2020 жылғы 31 наурыз 13:38
Бөлісіңіз:
Өскемен мен Семей қалаларында қосымша шектеулер енгізілетін болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Өскемен мен Семей қалаларында қосымша шектеулер енгізілетін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Сoronavirus2020_kz Телеграм каналына сілтемемен.

Ұқсас жаңалықтар
Таразда жұқпалы аурулардың таралуына жол бермейтін 2 фильтр бөлме ашылды Алматылық инфекционист пандемия кезіндегі қиындықтар туралы айтып берді Дәрігер коронавирус инфекциясы кезінде қашықтан кеңес алу туралы айтты

«Өскемен мен Семей қалаларында 2020 жылғы 2 сәуірде сағат 00.00-ден бастап, қосымша шектеулер енгізіледі. Шығу және кіру шектеледі, 15 бақылау-өткізу пункті қойылады. Көлік қозғалысы күндіз шектеліп, түнде тоқтайды. Тек қызметтік көліктерге рұқсат берілді» делінген хабарламада.

Одан бөлек, 6 сәуірден бастап, жеке көлік қозғалысы шектеледі. Күнтізбенің жұп күндері, көлік нөмірі нөлді қосқанда, тек жұп санына аяқталғандар, ал тақ күндері, көлік нөмірі тақ санға аяқталғандар ғана жүреді.

6 сәуірден бастап, Өскемен, Семей аумағында тұрғындардың жүріс-қозғалысы тек рұқсат қағазы арқылы жүзеге асады:

І түрі – қалалардың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйым қызметкерлері, жұмыс істейтін азаматтарға арналған.

ІІ түрі - әрбір отбасына беріледі. Ол арқылы аптасына 3 рет сауда нысандарына, дәріханаларға, банктер мен медицина мекемелеріне баруға болады.

Рұқсат қағазының жасыл түсі - жұп күні, Ақ түсі - айдың тек тақ күндері шығуға мүмкіндік етеді.

Сондай-ақ, 2 сәуірден бастап, азық-түлік бөлімдерінен басқа, ірі сауда нысандарының қызметі тоқтайды.

Мейрамханалар, дәмханалар, асханалар онлайн түрде тапсырыс алу, жеткізу режиміне өтеді.

Қызмет көрсететін – сұлулық салондары, массаж орталықтары, сауналар толық жабылады.

Қоғамдық тәртіпті сақтау шаралары күшейтілді. Өскемен 200, Семей 202 шаршы аумаққа бөлінді. Коммуналдық және байланыс қызметтері үздіксіз жұмыс атқаратын болады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT