Өскемен мен Риддер қалаларының арасына қысқа жол салынады

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы Өскемен мен Риддер қалаларының арасына қысқа жол салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аймақ басшысы Даниал Ахметов жұмыс сапарымен Риддер қаласына барып, жұртпен кездесті. Биыл шаһарда бірнеше маңызды жобалар жүзеге асырылмақ.

«Мәдениет үйі мен орталық алаңды қайта жаңарту жұмыстары басталады. Көпбейінді аурухана кешені салынып, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бұдан бөлек, «Ботаника» жаңа шағын ауданында көпбалалы отбасылар үшін 20 үй бой көтермек», - деді облыс әкімі.

Бүгінде Риддерде 600 орындық мектептің құрылысы аяқталуға жақын. Бюджеттен жол жөндеуге 560 миллион теңге бөлінген.

«Зейнеткерлердің өтініштерін ескере отырып, тек орталық көшелерді ғана емес, қаланың шет аймақтарын да асфальттауға тырысамыз. Сондай-ақ жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына Тарханка ауылы арқылы «Өскемен-Риддер» қысқа жолын салу туралы ұсынысты есептеп, дайындауды тапсырдым. Оның ұзындығы 60 шақырым ғана», - деді Даниал Ахметов.


Соңғы жаңалықтар