Өскемен мен Риддер қалаларында ауа ластанады

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен мен Риддер қалаларында алдағы күндері ауа ластанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, облыстың екі қаласында желсіз ауа райына байланысты қолайсыз метеорологиялық жағдай болады.

«21 наурыз күні сағат 21:00-ден 22 наурыз күні сағат 21:00-ге дейін Өскемен мен Риддерде екінші дәрежелі қолайсыз метеожағдайлар күтіледі», - делінген ақпаратта.

Айта кетейік, жел жылдамдығы секундына 0,5 метрден аспаған кезде зауыттардан шығатын зиянды заттар ауада сақталады. Сол кезде қолайсыз метеорологиялық жағдай жарияланады. Осы кезде кәсіпорындар зиянды шығарындыларды азайтуға міндетті.

Егер бірінші дәрежелі қолайсыз метеорологиялық жағдай жарияланса – 15-20 пайызға, екіншіде – 20-40 пайызға, үшіншіде – 40-60 пайызға азайтылады.


Соңғы жаңалықтар