Өскемен көшелеріне «ақылды шамдар» орнату жұмыстары биыл да жалғасады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өскемен мен Семейде былтыр көшелерді жарықтандыру бағытында үлкен инфрақұрылымдық жоба басталған болатын. Бірақ оның негізгі бөлігі 2021 жылдың көктемі мен жазында жүзеге асырылады.

Бұл туралы ҚазАқпарат YK-news.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Идеяны жүзеге асыруға Еуропалық қайта құру және даму банкі қаражат бөлген. Жобаның жалпы құны 8 400 миллион теңге.

«Жоба бойынша Өскеменде 14,3 мың дана және Семейде 7,6 мың дана жарықдиодты шамдар орнатылады. Сонымен қатар, апатты жағдайда тұрған 687 бағанды, 342 шақырым кабельді және 410 үлестіру құрылғыларының шкафтарын ауыстыру жоспарлануда. Сондай-ақ, жарықты басқаруға арналған бірыңғай диспетчерлік орталықтар жұмысқа қосылады», - дейді Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Алма Қайрақанова.


Соңғы жаңалықтар