+7 (701) 759 90 19
USD 426.99 EUR 514.35
RUB 5.72 CNY 65.96
Jańalyqtar

Өскемен қаласына жаңа прокурор тағайындалды

2021 жылғы 12 сәуір 22:10
Бөлісіңіз:
Өскемен қаласына жаңа прокурор тағайындалды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласының жаңа прокуроры болып Ерлан Бұланбаев тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда апта ішінде болған кадрлық тағайындаулар ҚР АҚДМ Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары тағайындалды Маңғыстау облысы қаржы басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Ерлан Маратұлы 1980 жылы туған. «Қайнар» университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2004 жылы Күршім ауданы прокуроры көмекшісінің міндетін атқарушы болып бастаған. Күршім, Алтай аудандары прокурорының көмекшісі, басқарма прокуроры, Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау басқармасының прокуроры қызметтерін атқарды.

2009 жылы Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының ІІМ органдарында тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау басқармасының бөлім бастығы болып тағайындалды. Одан әрі еңбек жолын Өскемен және Нұр-Сұлтан қалаларының прокуратураларында жалғастырды.

2012 жылдан бастап ҚР Бас прокуратурасының жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау департаментінде қызмет атқарған.

2013-2018 жылдары аралығында ШҚО прокуратурасының жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау басқармасының бастығы, кейіннен ШҚО прокуратурасының қылмыстық қудалау заңдылығын қадағалау басқармасының бастығы болды.

2019 жылдың 31 қазанынан бастап қазіргі уақытқа дейін Ұлан ауданының прокуроры лауазымында жұмыс істеді. Прокуратура органдарындағы жұмыс өтілі – 17 жыл.

Талғатжан Мұхаметбекұлы


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT