Өскемен қаласына жаңа әкім келді

None
None
ӨСКЕМЕН.ҚазАқпарат - Бүгін өңір басшысы Даниал Ахметов Өскемен қаласының активіне жаңа әкімді таныстырды. Бұл лауазымға бұған дейін ШҚО әкімінің орынбасары қызметін атқарған Қуат Тұмабаев тағайындалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қуат Тұмабаев 1980 жылдың 30 қазанында Семей қаласында дүниеге келген.

Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген. 2001 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін «Халықаралық экономикалық байланыс» мамандығы бойынша, ал 2003 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдады.

Еңбек жолын 2001 жылы банк қызметкері ретінде бастаған. 2003 жылдан бастап бас маман, 2005 жылдың сәуір айынан ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің мемлекеттік алыс-беріс және несиелендіруді жоспарлау Департаментінде бөлім бастығы болып қызмет атқарды. 2005 жылдың қыркүйек айынан бастап Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің инвестициялық саясат және жоспарлау департаментіндегі бюджеттік инвестицияларды жоспарлау басқармасы бастығының орынбасары болып жұмыс істеген.
2011 жылдан бастап ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінің Аймақтық даму комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды. 2012 жылдың сәуір айынан бастап Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің Инвестициялық саясат департаментінің директоры болып жұмыс атқарған.
2015 жылдың наурыз айынан бастап Шығыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы болып қызмет атқарды.

Жаңа қала басшысын таныстырған Даниал Ахметов оның алдағы қызметіне табыс тіледі. «Сенім артқандарыңызға рахмет, қаланың өркендеуі жолында аянбай еңбек етуге уәде беремін», - деді Қ.Тұмабаев.

Өз кезегінде Қуат Мұхитұлы қала тұрғындарының арыз-шағымдарын ескеріп, барлық күрмеулі мәселелер өз уақытында шешілетіндігіне сенім білдірді. 

Соңғы жаңалықтар