Өскемен қаласы мен Сібе көлдері арасында автобус қатынасы жолға қойылады

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - 6 шілдеде Шығыс Қазақстан облысында демалушылар үшін «Өскемен - Сібе көлдері» бағытындағы автобус маршруты іске қосылады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі ШҚО ақпараттық орталығына сілтеме жасап.

Автобустар облыс орталығының автобекеті мен Шалқар көлі (үшінші Сібе көлі) аралығында күнделікті қатынайтын болады. Өскеменнен шығу уақыты сағат 08:00, Сібе көлдерінен шығу уақыты сағат 18:00. Қосымша ақпаратты 8 (723) 270 02 25, 8(7233)827 159 телефондары арқылы алуға болады.

Астана күнінде ШҚО Шалқар көліндегі муниципалды жағажай туристерді қабылдауға дайын болады.

Естеріңізге сала кетсек, ШҚО әкімі Даниал Ахметов Алакөл мен Сібе көлдеріндегі жағдайға баса назар аударып, өңірдегі туризмді дамытуды жолға қойып келеді. Өңір басшысы Ұлан ауданының әкімі Дәулет Батырбаевқа Сібе көлдеріндегі олқылықтарды 6 шілдеге дейін түзетуді тапсырған болатын.

Соңғы жаңалықтар