USD 434.48 EUR 492.61
RUB 5.68 CNY 68.44
Jańalyqtar

Өскемен қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

2021 жылғы 29 қараша 12:04
Бөлісіңіз:
Өскемен қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Ирина Смит Өскемен қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Берік Беркімбаев ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары болды Коронавирус: ШҚО-дағы стационарларда 200-ден астам адам емделіп жатыр Мирболат Аюпов «Қазтелерадио» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды

Ирина Федоровна 1972 жылы 8 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Предгорное ауылында дүниеге келген. 1995 жылы Өскемен педагогикалық институтын бітірген.

1989-1990 жылдары Өскемен педагогикалық институтының лаборанты, педагогика кафедрасының аға препараторы болды. 1995-1998 жылдары қаладағы № 11 мектеп-гимназиясының тарих пәнінің мұғалімі болып еңбек еткен.

1998-1999 жылдары Өскемен қалалық ішкі саясат бөлімінің бас маманы, 1999-2001 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы бұқаралық ақпарат құралдары және реформаларды насихаттау бөлімінің жетекші маманы лауазымын атқарған.

2001-2005 жылдары ШҚО ішкі саясат департаменті қоғамдық-саяси жағдайды талдау бөлімінің басшысы. 2005-2011 жылдары аралығында Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат департаменті ақпараттық саясат және бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингі бөлімінің басшысы.

2011-2018 жылдары ШҚО ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары болып қызмет етті. 2018-2020 жылдары аталған басқарманың басшысы болды.

2020 жылдан бастап осы уақытқа дейін облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары лауазымында еңбек еткен.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT