Өскемен қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды
2020 жылғы 29 қаңтар, 14:12

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскемен қаласы әкімінің орынбасары лауазымына осыған дейін облыстық Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының директоры болған Эльдар Төлеубеков тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Эльдар Төлеубеков қала әкімнің орынбасары қызметінде әлеуметтік салаға жетекшілік ететін болады. Ол 1967 жылы Өскемен қаласында дүниеге келген. 2005-2010 жылдары аралығында қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының орынбасары лауазымын атқарған.
2010 жылдан бастап осы уақытқа дейін Шығыс Қазақстан облыстық Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығында директор қызметінде еңбек етті.
Сондай-ақ... оқыңыз
Серіктестер жаңалықтары
TOP