Өскемен іргесінен өткен ғасырда жасалған, атуға жарамды мылтық табылды

None
Фото: ШҚО ҚАЖД баспасөз қызметі
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласының іргесінен тағы да қару жасырылған орын анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО бойынша ҚАЖ департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, №17 түзету мекемесінің қызметкерлері полицейлермен бірлесіп, қару жасырылған орынды анықтады.

Қару Самсоновка кентіндегі көпір астынан табылды. Сараптама көрсеткендей, бұл - ХХ ғасырда жасалған «ЗК» маркалы ағаш мылтықтың кесіндісі. Атуға жарамды.

«Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 287-бабы 3-бөлігіне (Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды заңсыз алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Алдын ала мәлімет бойынша қару осы жерде екі жылдан астам уақыт сақталған. Бұл - тамыз айы басталғалы полицейлермен бірлесіп анықталған қару жасырылған екінші орын», - дейді түзету мекемесі бастығының орынбасары Ернар Ибраев.

Еске салсақ, осыған дейін Өскемен түрмесінде жазасын өтеуші жасырылған қару-жарақ туралы айтқанын хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар