Өскемен халқының қоқыс шығару қызметіне қарызы 60 млн теңгеге жетті

Фото: None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласы тұрғындарының қоқыс шығару үшін қарызы 60 млн теңгеге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өскеменспецкоммунтранс» кәсіпорнына қоқыс шығару үшін қала халқының жалпы қарызы наурыз айындағы жағдай бойынша 60 млн теңгеге жеткен.

Десе де, соған қарамастан тұрғын үйлер маңындағы контейнерлердегі қоқыс уақтылы шығарылуда.

«Бүгінде қоқыс шығару тарифі бір адамға 211 теңгені құрайды. Бірақ абоненттердің 70%-ға жуығы ғана қызмет ақысын төлейді», - деп хабарлады компания өкілдері.

Айта кетейік, ақша әр айдың 25-інен кешіктірмей төленуі керек.

Тұрғындар қарыз сомасы мен жеке шот нөмірін 8(7232)-57-53-32 нөмірі арқылы біле алады.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Өскеменде қоқыс жағатын зауыт салынбайтынын хабарлаған едік.

Соңғы жаңалықтар