Өскемен халқы тұрақтандыру қорының азық-түлігін жаппай сатып алып жатыр

None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласындағы тұрақтандыру қоры павильондарына жеткізілетін азық-түлік жылдам таусылып қалып жатыр. Себебі арзан бағадағы өнімдерді халық жаппай сатып алып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінде қаладағы тұрақтандыру қоры павильондарында азық-түлік тапшылығы жоқ. Жеміс-жидек пен көкөністер аптасына 3 рет жеткізілуде. Алайда өнімдерді халық жаппай сатып алып жатыр. Себебі ондағы азық-түліктің бағасы нарықтағыдан әлдеқайда арзан.

«Жемістер мен көкөністердің сапасына қатысты тұрғындардың барлық арыздары жедел қаралуда. Осыған дейін 5 шағым түскен. Қандай да бір бұзушылықтар анықталған жағдайда дереу тиісті шаралар қабылдануда», - дейді Өскемен қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Ғасан Тұрғанбаев.

Павильондардан бөлек, ірі супермаркеттерде арнайы сөрелер қойылған. Онда сәбіз, картоп, қырыққабат пен пияздың келісі 82 теңгеден сатылуда. Бұл нарықтағы бағадан үш-төрт есе төмен.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Өскеменде әлеуметтік нанның бағасы қымбаттамайтынын хабарлаған едік.



Соңғы жаңалықтар