Өскемен автобустарында электронды билеттеу жүйесі мамырда іске қосылады

Фото: None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласындағы қоғамдық көліктерде электронды билеттеу жүйесі мамыр айында іске қосылмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңа жүйе іске қосылғанда шаһардағы автобустарда жол ақысы 90 теңге болып қала береді. Бұл жайлы баспасөз мәслихатында «Жолаушылар тасымалын басқару орталығы» ЖШС директоры Аби Әлменбетов мәлім етті.

«Қалалық автобус маршруттарында электронды билеттеу жүйесі мамыр айының басында жүзеге асырылады. Ал жол ақысының қазіргі тарифі сақталады. Яғни, ересектерге билет бағасы – 90 теңге, балаларға – 45 теңге. Ал ақшалай есеп айырысу кезінде билет құны автобустарда 130 теңге, трамвайларда 120 теңгені құрайды», - деді ол.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Өскемен автобустарында электронды билеттеу жүйесі іске қосылатындығын хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар