+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Өскемен автобустарына электронды билеттеу жүйесі біртіндеп енгізіліп жатыр

2021 жылғы 21 маусым 14:25
Бөлісіңіз:
Өскемен автобустарына электронды билеттеу жүйесі біртіндеп енгізіліп жатыр

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласындағы қоғамдық көлікке электронды билеттеу жүйесі біртіндеп енгізіліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Елордада 26 шілдеден бастап жаңа автобус жүреді 24-25 шілде күндері Нұр-Сұлтанда автобус жүрмейді Елорда автопарктерінде ауқымды дезинфекция жүргізілді

Қала әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, автобустарда электронды билеттеу жүйесіне кезең-кезеңімен көшу туралы шешім қабылданған.

Бүгінгі таңда бірқатар қоғамдық көліктер жаңа жүйемен жұмыс істей бастады.

Атап айтқанда, бұл - 12, 24, 60 және 67 бағыттағы автобустар.

«Екі күнде 3 мыңнан астам жолаушы электронды билеттеу жүйесі арқылы төлем жасаған. Жүйенің жұмысы аталған маршруттарда тестілік режимде жұмысын жалғастыра бермек. Қалған автобустар әзірге жаңа жүйеге қосылмады», - делінген ақпаратта.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Өскемен автобустарында электронды билеттеу жүйесі іске қосылатынын хабарлаған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT