Өскемен әуежайынан күдікті зат табылып, халық эвакуацияланды

Фото: None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында әуежайдан күдікті зат табылып, халық эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 8 маусым күні сағат 15.32-де «102» жедел арнасына хабар түскен.

Онда Өскемен әуежайында багажды сканерлеген кезде күдікті зат табылғаны айтылған.

«Қазіргі уақытта оқиға орнында шұғыл қызмет мамандары жұмылдырылды. Тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Әуежайға келушілер мен қызметкерлер түгел эвакуацияланды», - делінген ақпаратта.

Әуежайдың жұмысы тиісті тексеруден кейін ешқандай қауіпті зат табылмаса қайта жанданады.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін ШҚО әкімдігінің қасындағы ғимаратқа бомба қойылғаны туралы хабар түскенін жазған едік.



Соңғы жаңалықтар