Өскемен әуежайынан бомба табылмады

Фото: None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласындағы әуежайдан жарылғыш зат табылмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 8 маусым күні сағат 15.32-де «102» жедел арнасына Өскемен әуежайында багажды сканерлеген кезде күдікті зат табылғаны туралы хабар түскен.

«Оқиға орнына шұғыл түрде келіп жеткен арнайы мамандар тексеру жүргізді. Соның нәтижесінде, ешқандай жарылғыш зат табылмады», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Хабар түсісімен әуежай жұмысы тоқтатылған еді. Келушілер мен қызметкерлер түгел эвакуацияланған. Қазіргі уақытта әуежай жұмысы қайта жанданды.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Өскемен әуежайынан күдікті зат табылып, халық эвакуацияланғанын хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар