+7 (701) 759 90 19
USD 425.73 EUR 498.32
RUB 5.8 CNY 65.85
Jańalyqtar

Өскемен-Алтай тасжолында көлік аударылып, 1 адам көз жұмды

2021 жылғы 2 тамыз 22:23
Бөлісіңіз:
Өскемен-Алтай тасжолында көлік аударылып, 1 адам көз жұмды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысындағы Өскемен-Алтай тасжолында көлік жыраға құлап, 1 адам қаза болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Көкшетауда BMW мен Skoda соғылып, бір адам қаза тапты Ақтөбеде жол-көлік апатынан екі айлық сәби шетінеп кетті Петропавлда адам қаза тапқан жол апатында жүргізуші мас болған

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қайғылы оқиға бүгін таңертең «Өскемен-Алтай» тасжолының 16-шақырамында болған.

«29 жастағы ер адам Lexus көлігімен Өскеменге қарай келе жатқан. Жылдамдықты рұқсат етілген шектен асырып жіберген ол рульді басқара алмай қалғанда көлігі жыраға құлап, аударылып түсті», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Көлік жүргізушісі ауыр жарақаттары салдарынан көз жұмды. Сондай-ақ зардап шеккен 19 жастағы жолаушы ауруханаға жатқызылған.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігімен (абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT